Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

28.01.2022
Әлихан Смайылов Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Жиынға Сыртқы істер, Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылығы қатысты.

Кеңесте Сыртқы істер министрлігі ұсынған шаралар инвестициялар ағынын ынталандыру және ахуалды жақсарту, шет елдермен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім жасау, шетелдік инвестицияларды тарту процесінде әкімшілік-құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған.

Ішкі істер министрлігі ұсынған шаралар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыру, органдардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын қалпына келтіру, жергілікті полиция қызметін жарақтандыру, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді орындау үшін модульдік стационарлық бекет пен учаскелік полиция пунктін салуды көздейді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрияландыру, оның ішінде импортты алмастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін цифрландыру, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жол саласын сапаға қайта бағдарлай отырып реформалау, ірі кәсіпорындардың төңірегінде өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта бизнесті дамыту және т. б. шарасын ұсынды.


Хабарламаларға жазылу