Елімізде зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдағандарға субсидия төленеді
Бұдан былай зейнет жасына жақындағандарды жұмысқа қабылдаған мекемеге субсидия төленеді. «Күміс жас» республикалық жобасы іске қосылмақ. Бағдарламаны Қарағанды облысы бастайды. Биылға жоспар – 534 адам. Аға буын өкілдеріне жұмысқа қайта орналасу өте қиын. Жаңа жоба осындай санаттағы адамдарға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс табуға көмектеседі. Оларды қабылдауға ниет білдірген жұмыс берушінің жалақысы субсидияланады. Ай сайын мемлекет тарапынан 30 АЕК көлемінде ақша төленеді. Бұл 91 890 теңге.
Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталықтарына немесе «Еnbek» электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05
СҚО-да 24 шақырым бөгет салынды
06.06.2026, 20:04