Еліміздің батыс өңірінде кешенді жоспар аясында 226 жоба жүзеге асырылады
Еліміздің батыс өңірі: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының алдағы 5 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуына 15,3 трлн теңге жұмсалмақ. Маңғыстауда кешенді жоспар аясында 226 жобаны жүзеге асыру көзделген.
Оған 2 триллионнан астам теңге жұмсалмақ. Бұл қаржының 62 пайызы жеке инвесторлардың үлесінде. Кешенді жоспарда, ең алдымен, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлінеді. Аймақтағы ең маңызды мәселе – ауызсу тапшылығын жою үшін, жалпы су тұщыту қуаты 260 000 текше метрді құрайтын 9 жоба жүзеге аспақ.
Нұрәділ Иманғалиев, облыстық Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
Өз кезегінде туризм бөлімі 24 іс-шараны қамтиды. Сомасы 200 млрдқа жуық теңге. Көбінесе 90 пайызы жеке инвестиция есебінен. Жұмыс орындары ашылады. Жаңа туристік нысандардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жалпы басқа экономиканың әртүрлі салаларын аралас дамытуға үлес береді.
Әлеуметтік жобалар жүзеге асады
Ал Ақтөбе облысында 18 ауылда денсаулық сақтау нысандары салынады. 224 мектеп жаңғыртылып, 16 орталық бой көтереді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін 2 жатақхана салу көзделген. Ал өнеркәсіп саласында титан-цирконий кендерін қайта өңдейтін тау-кен байыту кешені салынбақ. Сонымен қатар, шетелдік инвесторларды тарта отырып, ерекше индустриялық аймақ құрылады. Бөлінген қаржы есебінен «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының 3-желісі аяқталып, 85 ауылға көгілдір отын тарту көзделген.
Ғалым Мүсіров, экономика ғылымдарының кандидаты:
Ақтөбеде цемент зауытын салу қарастырылған екен. Бұл өте қажет. Өйткені Ақтөбе - болашақ мегаполис. Өнеркәсіп дамымай, экономика көтерілмейді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03