Бельгияда вакцинаның төртінші дозасы салынады
Бельгия тұрғындарына келесі аптадан бастап вакцинаның төртінші дозасы салынады. Елдің денсаулық сақтау министрлігі осындай шешім қабылдады. Екпенің төртінші дозасы органдарына трансплантация жасататын науқастарға, ВИЧ-ке, иммун тапшылығына шалдыққандарға, бүйрек жеткіліксіздігі сынды созылмалы аурулармен ауыратындар 325 мың адамға егіледі. Корольдікте қазір «омикрон» штамы өршіп тұр. Бүгін бір тәулікте індет 47 мың адамнан анықталған. «Бұл өткен аптамен салыстырғанда 77 пайызға көп»,-дейді дәрігерлер.
Дэвис Наджауи, Бельгиядағы Екпе орталығының дәрігері:
Вакцинаның төртінші дозасын салып, иммунитеті өте төмен адамдарды қорғамасақ болмайды. Осы әлжуаз топтағы 325 мың адамның ішінде 12 жастан асқан балалар да бар. Соңғы бір аптада 10 жасқа дейінгі балалар арасында жаңа штамды жұқтыру үш есеге көбейді. Ал, бустерлік үшінші дозаны бүгінге дейін халықтың тек 55 пайызы ғана алған.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06