Бірлігі жарасқан елдің берекесі артады
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына Семейден бес делегат қатысқан болатын. Астанадағы алқалы жиыннан оралғандар қаладағы ұлттық мәдени орталық өкілдерімен кездесіп, көрген білген, көкейге түйгендерімен бөлісті.
Келелі кеңесте қойылған міндет мақсаттарды бірлесе орындауға жастарды шақырды. Еліміздің ең асылы- татулық пен бірлікті бекем ету үшін, әрбір қазақстандық азаматтың үлесін зор, дейді семейліктер.
Дәл осы әнді Ольга Сағындықова Астанада өткен Ассамблея жиынында шырқаған еді. Елге оралған соң алған әсерімен көпшілікпен бөлісті. «Жиыннан түйгенім, басқада жоқ байлық-татулықтың тұғырын бекіте түсудің маңызы зор»- дейді ол.
Ольга Сағындықова, Семей қаласының тұрғыны:
Біз үлкен бір жанұя балалары сияқтымыз. Болашағымыз тек қана бейбітшілік ашық аспанда болса дейміз!
Семейде 13 ұлттық мәдени орталық бар. Барлығы бір шаңырақтың асты - Достық үйінде бірлесе жұмыс атқарады. Жұмыс демекші мәдени орталықтардың басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар ел игілігі үшін қызмет ету.
Ғабдулһак Ахунжанов, Татар ұлттық мәдени орталығының өкілі:
Біз енді Елордадағы жиыннан түйгенімізді әрбір қазақстандықа жеткізу міндетіміз. Татар ұлтында «Жоқ болса бере алмайды, бар болса көре алмайды» деген жақсы мақал бар. Бүгінде біздің елдің жетістігін, бейбітшілігін, ауызбіршілігін көре алмайтындар да көп. Сондықтан азаматтың санасына бірлігімізді беккемдей түсу қажет екендігін ұғындыруымз тиіс.
Келер жыл Елбасы бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Бұл еліміздегі татулық пен бірлікті бекемдей түседі дейді семейдегі сан алуан ұлт өкілдері. Олардың кез-келгені мемлекетіміздің даму жолындағы мерейлі мақсаттарды бірлесе жүзеге асыруға құлшынып отыр.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51
«Ерекше» фильмінің премьерасы өтті
12.03.2026, 20:49
AI-Sana бағдарламасы студенттерді қабылдауға дайын
12.03.2026, 20:47
ОРК төрағасы ШЫҰ мен ТМҰ байқаушылар миссиясының басшылығымен кездесті
12.03.2026, 20:10