Қостанайда 40 интернет алаяқтық дерегі тіркелді
Елімізде интернет алаяқтығы тыйылмай тұр. Қостанай облысында жыл басталғалы осы қылмыс түрінің 40 оқиғасы тіркелген. Одан тұрғындардың шеккен шығыны 8 млн теңгеден асып жығылды. Әлеуметтік желіні жайлаған алаяқтар көпшілікті, аз қаржы салып еселеп пайда табуға болатын жалған ұсыныстарымен тұзаққа түсіреді.
Мысалы, 11 қаңтарда 1 азаматша ғаламтордан бизнеске қаржы салу туралы тиімді хабарландыруды көреді. Ол интернет алаңға тіркелгені үшін 64 000 теңге төлеп, бизнес бастау үшін 2 млн теңге несие алады. Осы ақшаның бәрін өз есепшоттарына аудартқасын алаяқтар бірден ізін суытқан.
Нина Ахмадиева, облыстық Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкері:
Сонымен қатар, банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласқан болып азаматтардың төлем картасындағы қаржыны үптеп кететіндер көп. Облыста 7 адам осындай жағдайдың құрбаны болып 5 млн теңгеден астам қаржыны белгісіз біреулердің есепшотына аударған. Полиция азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар туралы бірден банкке хабарласуға кеңес береді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Су үнемдеу технологияларына субсидия көлемі артты
30.10.2026, 13:15
7 жылда 3,6 млн жұмыс орны ашылды
30.10.2026, 13:13
Конституция елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңартты
30.10.2026, 13:10
Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады
30.10.2026, 13:07
Жол инфрақұрылымын дамыту – ел дамуының кепілі
30.10.2026, 13:05
Заңгерлер Жолдауды талқылады
30.10.2026, 13:03
Жаппай улану: Ішек таяқшасы мен стафилококк анықталған
30.10.2026, 13:02
Жер қойнауын пайдаланушылар ₸1,2 млрд салық төлемеген
30.10.2026, 13:00