Атырау облысындағы Қызылқоға ауданынан мал арасынан ауру шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданынан мал арасынан ауру шықты

20.01.2022

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында аша тұяқты мал арасынан ауру шықты. Бүгінде 90-ға жуық сиыр мен 100-ден астам қой-ешкіден ауру белгілері анықталды. Ветеринар мамандар алынған зертханалық-сынама негізінде белгісіз індеттің жұқпалы ринотрахеиттік вирусты диарея екенін анықтады. Қазір ауру ошақтары оқшауланды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Сағыз ауылында 31 желтоқсаннан бастап бір айлық шектеу жариялады. Осы аралықта малды сатуға немесе союға рұқсат жоқ.

Айдулат Кенжебеков, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:
Дезифекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ауырған малдарды емдеу, егу жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі таңда ешқандай өлген мал жоқ. Ауырған малдар жазылып кетіп жатыр. Басқа елдімекендерде анықталып жатқан ауру түрлері жоқ.


Хабарламаларға жазылу