Ақтөбе облысында боранда жолда қалған 33 адам құтқарылды
Ақтөбе облысында боранда жолда қалған 33 адам құтқарылды. Оның бесеуі бала.
Ауа райының қолайсыздығынан өңірде бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолда қалған 8 техниканы қауіпсіз жерге шығарды. Әсіресе, Ырғыз, Хромтау аудандарынан шақыртулар көп болған. Нәтижесінде 33 адам құтқарылып, тағы 12-сі эвакуацияланды. Сондай-ақ, Қарғалы ауданында босанғалы жатқан әйелге жете алмай қалған жедел жәрдем көлігіне де көмек көрсетілді. Нәтижесінде сәбиі аман-сау дүниеге келді.
Нұрбек Оралбаев, Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы:
23 сағат 59 минутта Хромтау ауданы, Никельтау ауылы аумағында 5 автокөлік қар құрсауында қалып қойғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Барлығы төтенше жағдайлар қызметкерлерімен және «Қазавтожол» қызметкерлерімен, техникаларымен қар құрсауынан босатылып, одан әрі қозғалысын жалғастырды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19