«Қазақстан халқына»: Бүгін Сенат және Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына»: Бүгін Сенат және Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын аударды

17.01.2022

Мемлекет басшысының бастамасымен ашылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі анықталды. Оған елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері мен меценаттар мүше болды. Беделді азаматтардан құралған топ қордың бюджетін бекітіп, ұйымдастыру, басқару сынды жұмыстарын жүргізеді. Елімізде тәртіпсіздіктен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында ашылған қорға қаражат жинау басталып та кетті.

Бүгін Сенат және Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын аударды. Игі шараға Алматы әкімдігі мен Экология министрлігінің қызметкерлері де үн қосып, бір күндік еңбекақыларын аударды. Осылайша, қорға 519 тұрғыннан 10 миллион теңгеден астам қаражат келіп түсті.

Ал, заңды тұлғалардан 12 миллиард теңге қаржы түскен. 


Хабарламаларға жазылу