Өңірлерде ауа райы бұзылды
Кешелі бері еліміздің әр өңірінде ауа райы күрт бұзылып, бірқатар тас жолдар жабылды. Кей аймақта қарлы боран соқса, тағы бір жерде жауын соңы көктайғаққа ұласқан. Семейде күннің күрт жылынып, жауын жауғандықтан көшеде жүру мүмкін болмай қалған.
Ержан Жақып, тілші:
Кешеден бері Семейде ауа температурасы 2 градусқа дейін жылып кетті. Әдетте, қаңтарда қарлы боран соғып, қақаған аяз болатын өңірде бір күн бойы жаңбыр себеледі. Салдарынан айнала көктайғаққа айналды. Шаһардан шығар беріс жолдардың дені жабылғандығы туралы хабарлама тарады. Қаланың ішінде де көлік қозғалысы қиындаған. Жаяу жүру де қауіпті. Сол себепті бүгін бірінші ауысымда 1 мен 11-сынып аралығында Семей, Курчатов қалалары мен Бородулиха, Шемонайха аудандарында мектептер қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Төтенше жағдай қызметінің мамандары еліміздің өзге өңірлерінде де ауа райы тосын мінез танытқандығын хабарлап жатыр. Кеше Қарағанды-Теміртау бағытында қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі жолаушылар автобусы жолдан шығып кеткен. Сондай-ақ 8 автокөлік соқтығысқан. Еліміздің алты өңірде республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мен Батыс Қазақстан бар. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар тайып жолдан шығып кеткен. Жолда қалған, сондай-ақ тайғақ салдарынан соқтығысқан көліктердің видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.
Ал, мамандар күн райы күрт бұзылған өңірлерде алыс жолға шықпауды ескертуде.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ ядролық сынақтарды қайта бастамақ
30.10.2025, 10:18
Үстел теннисінен Президент кубогына арналған халықаралық турнир мәресіне жетті
30.10.2025, 10:10
«Joltap» жобасы арқылы 36 000-нан астам астаналық жұмыс табады
30.10.2025, 10:09
Жетісу облысында бюджеттік сала мамандарына баспана берілді
30.10.2025, 10:07
Павлодар әуежайының жөндеу жұмыстары 2026 жылы аяқталады
30.10.2025, 10:05
Алматыда жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қойылатын үстемеақы 15% аспайды
30.10.2025, 10:04
Қазақстан мен Мурманск облысы арасында сауда айналым өсті
30.10.2025, 10:01
Луврды тонады деп ұсталған 2 күдікті кінәсін мойындады
30.10.2025, 10:00