Айдын Рақымбаев елордадағы LRT-ны бұзып тастауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдын Рақымбаев елордадағы LRT-ны бұзып тастауды ұсынды

16.01.2022

Қоғамды, әсіресе елорда тұрғындарын тітіркендіретін деп Президенттің өзі сипаттамақшы, ЛРТ құрылысы да сөз болды. Бұл жоба әу бастан қателік еді, оны мойындау керек. Оған қоса, бұл жобадан күшті жемқорлықтың иісі шығады, деді. Орасан зор қаражат жұмсалып, қарыз алынып басталған құрылыс, дәлірегі – бетон бағандар сол жағалаудағы күретамыр көшелердің тарылып, кептелісті нығыздалуына ықпалдасып, жұрттың жұқарған жүйкесін одан әрі жұқартып-ақ тұр.

Президент оңтайлы шешім қабылдау қажет. Себебі оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Бізде отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны пайдаланудың ықтимал нұсқаларын анықтаудан басқа таңдау жоқ, деді.

Қандай ықтимал жоба шығуы мүмкін. Әйтсе-дағы бұзып тастау керек шығар? Белгілі кәсіпкер, «BI Group» құрылыс компаниясының қожайыны Айдын Рақымбаев әлеуметтік желіде былай жазды:

... Неге мен құрылысқа қарсымын? Келіңіздер, бірге есептейік. 1. LRT құрылысын аяқтауға шамамен $1,5 млрд қажет, $300 млн жұмсалып қойғанын ескерсек, нәтижесінде $1,8 млрд жұмсалады.

2. Ұстап тұруға жылына $50 млн керек. Билеттерден түсетін қаржы бір бөлігін де жаппайды. Демек алдағы жиырма жылда тағы $1 млрд қажет. 3. Кредитті қайтарудың жылдық мөлшерлемесі 3,5%. Үстінен қайтаратын артық төлем $600 млн.Нәтижесінде LRT құрылысын аяқтау мен ұстап тұруға қалалық қазынадан $3,4 млрд керек! Құрылысшы ретінде білеміз, металлдар мен материалдардың қымбаттауынан ол $4 млрд долларға да жетуі мүмкін!

Біз демонтаж жасауға дайынбыз. Әйтеуір салмаса, болды. Өте берік бетоннан құйылған 230 бағанды алып тастау да арзан емес. Бірақ мұндай шығыны көп жобаны тоқтату – біздер, елорда тұрғындары үшін одан да маңызды. Салықтың түпсіз құдыққа түскенін қаламаймыз. Соңы көрінбейтін масқара болғанша, шошындырса да, біткені жақсы.


Хабарламаларға жазылу