ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне азаматтардың шағымдары үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІМ полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне азаматтардың шағымдары үшін call-орталықтардың нөмірлерін жариялады

16.01.2022

«Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн». Президент Қ.Тоқаев твиттердегі парағында жазды.

Бұл қоғамда негізсіз жауапқа тарту, телефон ақтару, ұрып-соғу, қамап тастау сияқты зорлық-зомбылық туралы әңгіме, әңгіме емес-ау, нақты дәйек көбейген кезде полицияға қарап «Естідіңіздер бе, Президент айтты ғой!» деуге сеп болса екен. Жаңа Қазақстанды ескі тәртіппен құра алмаймыз. Полицияға өзгеретінін дәлелдейтін шақ екенін айтудың өзі артық.

Азаматтық қоғам дауысына үндемей отыру мүмкін еместігін сезді ме, кеше Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар үшін call-орталықтардың нөмірлерін берді. ІІМ азаматтардың ұялы телефондарын олардың келісімінсіз немесе сот органдарының санкциясынсыз тексеруге, сондай-ақ қарауға тыйым салынғанын ресми түрде мәлімдейді, деген хабарламада.

Қазақстандықтардан полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық деректері бойынша ІІМ ӨҚД-нің тәулік бойы жұмыс істейтін 1402, 8 (7172) 71-41-09 сенім телефонына, министрдің блогы, «ашықтық алаңы» фронт-офистеріне хабарласуды сұрайды. Сондай-ақ өзіндік қауіпсіздіктің аумақтық бөлімшелеріне хабарласыңыздар:


Хабарламаларға жазылу