Алматыда «Омикрон» штамы көп тарай бастады

14.01.2022

Алматыда пандемияның жаңа толқыны басталды және «Омикрон» штамы көп тарап жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты. Оның сөзінше, 6 қаңтардағы геномдық секвенирлеу нәтижелері бойынша алынған 7 сынамада «Омикрон» анықталған. Әсіресе, бұл вирус 20-30 жас аралығындағы жастар арасында тез тарауда. Ал, «Омикронның» қауіпті кезеңі наурыз айында болуы мүмкін. Сондықтан, карантин күшейіп, концерт залдары мен театр-цирктердің мешіт-шіркеулердің Ashyq қосымшасы арқылы да жұмыс істеуіне тыйыс салынды. Ал, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындар 70 пайыз онлайн жұмысқа ауысуы тиіс. Сабақ та қашықтықтан оқытылады.

Қарлығаш Әбдіжаббарова, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері: 
Апталық сырқаттанушылық бойынша 100 мың тұрғынға шаққанда 2,2 есеге өсті.  «Омикрон»  штамы симтомпсыз тіркеліп жатыр.  Қазір стационарларда нақты 475 адам жатыр.

Хабарламаларға жазылу