«Chevron» компаниясының бас директоры Президентке көңілхат жолдады

14.01.2022

«Chevron» компаниясының бас директоры Майкл Вирт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңілхат жолдап, елдегі жағдайға байланысты қазақстандықтарға қолдау білдірді. Хатта: Қазақстан біздің байырғы досымыз, әрі серіктесіміз. Өткен аптада болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз делінген. Сондай-ақ бас директор хатта Қазақстандағы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты біздің басты назарда. Теңіздегі қызметтің тұрақты, қауіпсіз болуы үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Теңізшевройл қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз деп жазған.

Хабарламаларға жазылу