Астанаға бағанасыз LRT керек – урбанист - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға бағанасыз LRT керек – урбанист

14.01.2022

Елордаға жеңіл рельсті транспорт керек. Бірақ ол қазіргісі сияқты аспалы жол арқылы емес, бағанасыз, яғни жерүсті рельсі арқылы жүруі керек, дейді урбанистер. Президент LRT жобасын сынға алып, оны пайдаланудың енді басқа нұсқаларын анықтау үшін сәулетшілер мен урбанистерді шақыру қажеттігін айтқан. Мамандар алдағы уақытта елордада автобустан басқа қоғамдық көлікке сұраныс туатыны заңдылық деп отыр. Себебі қала халқының саны өсіп келеді.

Аманжол Чиканаев, сәулетші:

Қала құрылысы стандарты бойынша 1 млн халық асса, метро немесе ЛРТ жасау керек. ЛРТ-ны жалғастыра беру керек. Ескі вокзалдан сол жағалауға істесе, жақсы болар еді.

Ерлан Әукенов, Q88 қазақстан урбанистер қауымдастығының төрағасы:

Мәселе ЛРТ-ның қайда және қалай салынуында. Әрине, мұндай көлік халық тығыз орналасқан, жүріс-тұрысы көп аудандардан өтуі керек. Мысалы, елорданың оң жағалауы, Республика, Сарыарқа даңғылдарынан. Әрі ол эстакадасыз салынуы керек, қарапайым пойыз секілді. Сонда әлдеқайда арзанға шығады. Ал құйылып қойған бетон бағаналарды енді бұзып тастаса да болады.


Хабарламаларға жазылу