Қостанай облысында эпидахуал ушығып, шектеу күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында эпидахуал ушығып, шектеу күшейді

14.01.2022

Қостанай облысында эпидахуал нашарлап, індеттің таралуына тосқауыл қою үшін шектеулер қайта күшейді. Мысалы, 10 қаңтарда COVID-19 небәрі үш адамнан анықталса, соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 97 адамға жеткен. Осыған байланысты көпшілік жиналатын барлық іс-шараны өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар вакцина алған-алмағандығына қарамастан, мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Мектеп оқушыларына да сабақ 31 қаңтарға  дейін қашықтан өткізіледі. Жоғары және орта кәсіби білім беретін оқу орындары студенттерінің демалыс уақыты 6 ақпанға дейін созылды. Облыс індеттің таралуы бойынша «сары»  аймаққа кірді.

Хабарламаларға жазылу