Ресейде шектеу шаралары қайта күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде шектеу шаралары қайта күшейтілді

20.10.2021

Ресейде 30-қазаннан 7-қарашаға дейін демалыс күндері жарияланбақ. Себебі елде эпидахуал күшейді, күніне 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып жатыр. Бір тәулікте көз жұмғандардың саны да мыңнан асады.

Эпидахуал ел астанасы Мәскеуде және Санкт-Петербургте ушығып тұр. Іргелес елдің 81 өңірінде қоғамдық орындарға кіру үшін QR талап етіледі. Енді ел арасында тікұшақпен қатынау үшін де вакцина алғаныңды дәлелдейтін құжат керек. Жасы 60-тан асқандардың бәріне коронавирусқа қарсы екпе салдыру міндеттелді.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу