Түрік Парламенті Қазақстанға қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік Парламенті Қазақстанға қолдау білдірді

13.01.2022

Түркия парламенті Қазақстанға қолдау білдіріп, ортақ декларация қабылдады. Оған қол қойғандар қатарында биліктегі Әділдік және даму партиясы, заң шығару органының төрағасы Мұстафа Шентом, Халықтық-республикалық партия, Ұлтшылдар қозғалысы және «Жақсы» партиясы бар.

«Адамдардың өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және дүние-мүлікке зиян келтіретін зорлық-зомбылық актілерін айыптаймыз», - деп жазылған түріктің Ұлы ұлттық жиналысының үндеуінде.

Декларация авторларының айтуынша, Түркия Қазақстанға 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері қолдау көрсетіп келеді. Және де Анкара алдағы уақытта да елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік салтанат құруына жан-жақты ықпал етпек.


Хабарламаларға жазылу