Мәулен Әшімбаев: Халық бізден нақты нәтиже күтіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Халық бізден нақты нәтиже күтіп отыр

13.01.2022

Шекара маңындағы тұрғындарға 2 пайыздық несие мен 1,5 коэффиценттік еңбек өтілін беру керек. Бүгін Сенаторлар Үкіметке осындай ұсыныс жасады. Еліміздің шекаралас аумақтарында 1,5 миллионнан астам адам тұрады және бұл көрсеткіш жыл сайын азайып келеді. Оған мектеп пен балабақшалардың жабылуы, ауыл шаруашылығы саласының кенжелеп қалуы, инфрақұрылым мен тұрғын үйдің болмауы себеп болып отыр.

Жұмыс күші мол өңірлерден шекаралық аймаққа көшіп баратындарға тұрғын үй сатып алу мен жалға алуға субсидияны ұлғайту да ұсынылды. Сенат отырысында басқа да бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Спикер Мәулен Әшімбаев еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанына назар аударып, заң шығару жұмыстарын сапалы әрі жедел атқару қажеттігін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Бұл - тұтас мемлекеттік басқару жүйесін меритократия, әділеттілік және ашықтық қағидаларының негізінде қайта құру кезеңі. Осы жолда Парламент Сенаты Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдай отырып, оларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруға тиіс.


Хабарламаларға жазылу