Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскен

12.01.2022

Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «жасыл» аймақта болғанымен, қаңтар айының басынан вирус жұқтырғандар саны күрт өскен. Соңғы уақытта өңірде тәулігіне 20-30 адам коронавирусқа шалдығуда. Ал жыл басынан бергі он күнде COVID-19 инфекциясын 200-ден астам тұрғын жұқтырған. Сала мамандары аймақтағы эпидахуалдың нашарлап кетуін санитарлық талаптарды орындамау,бетперде тағу режимін сақтамаудан деп түсіндіреді. Сондай-ақ, мерекелік күндері топтасып жүру, қоғамдық орындарда карантин талаптарына салғырт қарау індет жұқтыруға сеп болған.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу