Қасым-Жомарт Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлері елден кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлері елден кетеді

11.01.2022

Жағдай тұрақталды. Енді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік күштері өз еліне қайтады. Бұл екі күннен кейін басталып алдағы он күн ішінде аяқталатын болады. Сондай-ақ, Президент ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына қатысты қауесеттердің, әсіресе шетелде тарап жатқан жансақ пікірлердің алдын алу керектігін ескертті. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшысының бірі. Осы ұйымның жасақталған барлық мүшесіне жасалған бітімгершілік контингенті қазақтанға уақытша мерзімге ғана келді. Міндеті айқын. Бұл стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп қолдау көрсету деп атап өтті Мемлекет басшысы..

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Лаңкестерге қарсы операцияны толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Шын мәнінде солардың жанкешті іс-әрекетінің арқасында төңкеріске жол берілген жоқ.


Хабарламаларға жазылу