Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

20.11.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сайлауда дауыс берді. Ол таңғы сағат тоғызға қарай елордадағы оқушылар сарайында орналасқан нөмірі 59 учаскеде таңдауын жасады. Содан кейін шағын баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистер сұрағына жауап берді. Тоқаев бүгін өте маңызды тарихи күн екенін атап өтті. Шын мәнінде бұл жыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтарды еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар деді. Сонымен қатар Тоқаев мырза жаңа партияларды құру заң аясында жүзеге асуы ел мүддесіне сай болатынын айтты. Парламент сайлауына дейін бірнеше партия құрылуы мүмкін. Ол үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр деді. Қасым-Жомарт Тоқаев елден заңсыз шығарылған капиталды қайтару бойынша да пікір білдірді. Оның сөзінше, ол бойынша арнайы заң қабылдануы қажет. 

Хабарламаларға жазылу