Президент «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын реформалауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын реформалауды тапсырды

11.01.2022

Мемлекет басшысы квазимемлекеттік секторды, әсіресе «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын реформалауды тапсырды. Егер реформалау мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген сұрақ туындайды. Сондықтан Үкіметке квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалару үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер қорды реформалау мүмкін болмаса, қордың болмағаны жөн.


Хабарламаларға жазылу