ІІД басшысы Қанат Таймерденов қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІД басшысы Қанат Таймерденов қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты

11.01.2022

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов лаңкестердің қолынан қаза тапқан полиция сержанты Ален Асылханов, полиция старшинасы Ринат Қамбетов пен полиция кіші сержанты Нұрболсын Алмасовтың отбасына барып, көңіл айтты.

Олар Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына және стратегиялық маңызы бар нысанға жасалған шабуылды тойтару кезінде алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.


- полиция сержанты Асылханов Ален Мұхитұлы, 1993 жылы туған, үйленген, артында бір жасар ұлы қалды. Іскі істер органында 6 жыл қызмет еткен.

- полицияның кіші сержанты Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы, 1994 жылы туған, бойдақ. Іскі істер органында 1 жылдан аса қызмет атқарған.

- полиция старшинасы Қамбетов Ринат Талғатұлы, 1988 жылы туған, үйленген, артында екі ұлы қалды. Іскі істер органында 12 жылға жуық қызмет етті.


Алматыда орын алған лаңкестік әрекеттердің салдарынан Алматы полициясының 3 қызметкері қаза тауып, тағы 176 сақшы жарақат алған. Оның 8-інің жағдайы әлі де ауыр.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу