Ақтауда екінші деңгейлі банктер мен ірі сауда үйлері жұмысқа кірісті
Маңғыстау өңірінде қазір жағдай тұрақты. Бірақ аймақта төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Блок-бекеттерде Ақтау мен Жаңаөзен қаласына кіріп-шығып жатқан көліктер мен жолаушылар тексерілуде.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Облыста 8 блок-бекет бар. Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, коменданттық сағат кезінде 66 адамға ескерту жасалды. Бүгіннен бастап Ақтау қаласындағы екінші деңгейлі банктер, ірі сауда үйлері жұмысқа кірісті. Балабақшалар бүлдіршіндерді қабылдады. Мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар және коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, бүгінген бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары да штаттық режимде жұмыс істеуде. Тек, Ақтаудағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету әзірше қызмет көрсетпейді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03