Шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдар үстіртін және біржақты сипатта болды – СІМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдар үстіртін және біржақты сипатта болды – СІМ

10.01.2022

Еліміздің Сыртқы Істер министрлігі төтенше жағдай енгізілгеннен кейін қалыптасқан ахуалға байланысты шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдар үстіртін және біржақты сипатта болды деп мәлімдеді. Министрлік Қазақстан шетелде дайындықтан өткен терроршыл топтардың шабуылына тап болғанын айтты. «Алдын-ала мәліметтерге сай, шабуылшылар арасында басқа елдердегі соғысқа қатысқан радикалдық топтардың өкілдері де бар. Қазір құқық қорғау органдары кейбір шетел ақпарат құралдары бұрмалап көрсеткендей, «бейбіт тұрғындарға» емес, террористерге қарсы тұруда. Ал, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштері, Қазақстанда уақытша болады және жағдай тұрақталған соң өз елдеріне оралады. Наразылық митингілердің бейбіт қатысушылары ешқандай қудалауға ұшырамайды», -делінген ведомство мәлімдемесінде. Сонымен бірге, министрлік қалыптасқан жағдайдың себептеріне тергеу жүргізілетінін, оның нәтижелері халықаралық қоғамдастыққа жеткізілетінін мәлімдеді. 

Хабарламаларға жазылу