Семейлік сарбаздар қаралы жиын өткізді
Бейбіт күнде лаңкестердің қолынан қаза болған батырларымызға семейліктер де тағзым етті. Қыршыннан қиылған отан қорғаушыларымыздың есімі мәңгі ұмытылмайды. Ерлік істері өскелең ұрпаққа үлгі- дейді көпшілік.
Ержан Жақып, тілші:
Бүгін Семейде де қаралы күнге орай барлық әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік ту төмен түсірілген. Әр жерде қаралы жиындар өтіп жатыр. Жергілікті телеарналар мен радиода ойын-сауық бағдарламалары доғарылған. Шаһарда көңіл көтеру кештері мен шаралар ұйымдастырылмайды. Бүгін қаладағы «Ұлттық ұланның» 55 11 әскери бөліміндегі сарбаздар да, бейбіт күнде лаңкестер қолынан қаза тапқан ішкі әскер сарбаздары Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты бір минут үнсіздікпен еске алды. Отан алдында борышын өтей жүріп опат болған қатарластарының жақын туыстарына қайғысына ортақпыз, дейді олар.
Кәкім Бәкіжан, 55 11 әскери бөлімінің сарбазы:
Жалпы елде болып жатқан ахуал көптеген отбасылар үшін және де біздің сарбаздар үшін өте ауыр соққы болды. Бүгінгі қаралы күнде барша сарбаздар бір минут үнсіздік жариялап өздерінің қайғысымен, халықпен ортақтасып жатыр. Жалпы әр отбасыға өзімнің атымнан жәіне 55 11 әскери бөлімінің атынан көңілі айтамын.
Ержан Жақып, тілші:
Еліміздің күш құрылымдары әлі де алдыңғы шепте Төтенше жағдай режимінде тыныштықты сақтауға қызмет етіп келеді. Соның арқасында Семейде де қазір қоғамдық саяси ахуал тұрақталған. Халық алаңсыз, қалыпты тұрмыс кешіп жатыр. Біз де барша семейліктердің атынан, бейбіт күнде қолынан қаза болған азаматтарымыздың отбастарына жақындарына көңіл айтамыз. Ел аман, жұрт тыныш болсын!
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соғыс басталғалы Иранда 1300-ден астам адам қаза тапты
11.03.2026, 10:12
Президент БАӘ аумағына жасалған шабуылды айыптады
11.03.2026, 10:10
Астанада оқушылар мен студенттер қашықтан оқып жатыр
11.03.2026, 10:10
Ақмола облысында полиция 2700-ден астам көлікті қауіпсіз жерге шығарып салды
11.03.2026, 10:09
Ұлытау облысында жүргізушілерге полиция қызметкері жаяу жол көрсетті
11.03.2026, 10:08
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16