Бұзақылыққа барғандар түгел жазаланады – Сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұзақылыққа барғандар түгел жазаланады – Сарапшы

09.01.2022

Жаппай бұзақылыққа барған адамдардың арасында арандатушылыққа ілінгендер де бар. Олардың әрекеттерінен бизнес нысандары, банктер, әкімшілік ғимараттарына қатты зақым келген. Содырлар алдымен көшедегі бейнебақылау камераларына оқ жаудырып, ұрып сындырып та жатты. Бұл мәселелердің барлығына құқықтық баға беріледі. Бүлікшілік жасаған опасыздардың барлығы қылмыстық жазаға тартылады. Ұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдарламасына келіп сұхбат берген сарапшылар осындай ойда.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

Бейнебақылау камералары алғашында сындырылды, яғни қаланың бір, тіпті бірнеше бөлігінде орталықпен байланыссыз қалдық. Сондай сәттерде біз сау қалған, талдың арасында тұрған камераларды қолдану арқылы байланысқа шығып, Алматыдағы жағдайды барынша бақылауға тырыстық. Бұл мәселенің құқықтық бағасын беріле жатар. Бірақ  бұл жерде қылмыс жасаған, осындай опасыздыққа барған азаматтың бәрі жазасын тартуы керек.


Хабарламаларға жазылу