Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды - Берік Уәли - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды - Берік Уәли

09.01.2022

Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды. Бұл жөнінде Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.

«Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер жариялануда. Осыған байланысты мынадай мәлімдеме жасау қажет деп санаймын. Қасым-Жомарт Тоқаев - мемлекетіміздегі ең жоғары лауазымды тұлға және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндері де осылай болған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілердің көмегінсіз әдеттегідей өзі жазды»,-деп мәлімдеді Берік Уәли.

Хабарламаларға жазылу