4426 күдікті ұсталды: Олардың арасында шетел азаматтары да бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4426 күдікті ұсталды: Олардың арасында шетел азаматтары да бар

08.01.2022

Елде дүрбелең тудырып, нысандарды қиратып-тонады деген күдікпен 4426 адам тұтқындалды. Қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша құзырлы органдардың жұмысы қызу. Ішкі істер саласында терроризмге қарсы жедел штаб таратқан ақпаратқа сай ұсталғандар қатарында шетелдіктер де бар.

Алматы облысындағы ауылдардың бірінен 100-ден аса күдікті қолға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша олар - көрші елдің азаматтары. Ескеретін жайт, террористік актілерден зардап шеккендерге кәсіби, психологиялық көмек көрсетуге арналған жедел желі іске қосылды. Нөмірі 1414.


Хабарламаларға жазылу