Ескерту: 23:00-07:00-ге дейін коменданттық сағат жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ескерту: 23:00-07:00-ге дейін коменданттық сағат жарияланды

08.01.2022

Елордада түнгі сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін коменданттық сағат жарияланған. Дегенмен халық бұл шектеулерді әлі түсінбей жатқан секілді. Біздің тілшілер бас қалада орналасқан блок бекеттерге барып жағдайды тексерді. Полицияның сөзінше, белгіленген уақыттан тыс кезде сыртта жүрген тұрғындар тыйылмай тұр. Құқық қорғаушылары оларға әзір тек ескерту жасап жатыр. Республика көшесінің бойында қойылған бекет таң атқанша жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары әр көлікті тоқтатып, қайда не үшін бара жатқанын сұрады. Ал, азаматтардың әрекеті күдік тудырса жол жиегіне тоқтатып, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері азаматтарға комменданттық сағат уақытында үйде болуын сұрауда. 

Хабарламаларға жазылу