Алматы ТМД-ның мәдени астанасы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы ТМД-ның мәдени астанасы атанды

20.03.2014
Алматы ТМД-ның мәдени астанасы атанды
Алматы биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанды. Осылай делінген сертификатты тапсырып, құттықтауға   достастық елдерінің делегациялары шаһарға арнайы келді. Бұған дейін бұл мәртебеге Ульяновск пен елордамыз Астана ие болған.
 
Бұл жолы Қазақстан тағы да көш бастады. Мерекелік кеште ТМД елдерінің опера әншілері Абай атындағы опера және балет театры симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен керемет өнер көрсетті.
 
«Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасы 2012 жылы қабылданған болатын. Бастама жыл сайын белсенді ұйымдастырылып, жалғасын тауып келеді. Қашанда ата-бабаларымыздың асыл мұрасын насихаттап, мәдени ілтипатымен көш басында жүретін Алматы бұл жолы үздік атанды.
 
Бұл көрсеткішке тоқмейілсімеген жергілікті билік 230-ға жуық мәдени орталығы бар шаһарда шығармашылықты әрдайым жандандыруға күш салатындықтарын жеткізді.
 
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет министрі: 
Жүргенов атындағы Өнер академиясының қасынан қазір оқу театры жоспарға енді қосылайын деп жатыр. Ол тек оқу орны емес, Елбасы айтқандай инновациялық тұрғыдан әрі қарай даму ретінде Қазақстан жастарының  орталығы болады.  
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу