Мәжіліс депутаттары арандатушыларға алданып қалмауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары арандатушыларға алданып қалмауға шақырды

05.01.2022

Араңдатушыларға алданып қалмайық. Мәжіліс депутаттары мәселені мәмілемен шешуге шақырды. Олар халықтың талабы орынды және олар билік тарапынан қолдау тауып  орындалды. Осылай деген палата өкілдері ендігі жерде тек бірлесе отырып, тірлік ету қалып тұрғанына тоқталды. 

 Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Араңдатушыларға ермеу керек. Қарапайым халық өзінің заң жүзіндегі талабын жалғастыруға ешкім шек қоя алмайды. Бұл туралы Президенттің Жарлығы да бар ғой бейбіт шеруге шығу. Алайда, соны пайдаланып қоқан-лоқы көрсетуге болмайды. Тіпті, ол әскери адам болсын тұрған, басқа болсын оларға ондай жасауға болмайды. Әрқайсысы елдің тұрақтылығын, тыныштығын сақтап отырған болса, өзге бір жат жердегі адамдарға сеніп шыға салып, алаңдарды пайдаланып қарапайым халық оларға еруге тиісті емес.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің халық толерантты, қарапайым, сауатты және тәртіпті. Өз уәждерін солай жеткізді. Осы ретте мен Президентке алғыс айтқым келеді. Себебі, ол керек сөзді тауып айтты. Бір-бірімізді тыңдай білуге шақырды. Тағы бір мәрте халық үніне құлақ асатын мемлекет екенін қаперге берді. Тиісінше тұрғындар үшін барлық жағдай жасалуы қажет.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу