Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында тәртіпбұзушылық тіркелген жоқ
Маңғыстау облысында бұған дейін 85-90 теңгеден сатылып келген сұйытылған газдың бағасы - 120 теңгеге бір-ақ көтерілді. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар наразылық танытып, бағаны арзандатуды талап етуде.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Көлік отыны құнының шарықтап кетуіне байланысты алдымен Жаңаөзен қаласының тұрғындары наразылық акциясына шықты. Сұйытылған газ бағасының қымбаттауы ақтаулықтарды да бей-жай қалдырмады. Наразы топ өтініш-тілектерінің орындалуын талап етіп, әкімдік алдына жиналды. Осы жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылды. Сөйтіп газдың бағасы 85-90 теңгеге арзандатылды. Жаңаөзендіктермен де, ақтаулық тұрғындармен де өңір басшысы Нұрлан Ноғаев кездесіп, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі газ құю бекет иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу басталғанын айтты.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
Қазіргі таңда сұйытылған газ бағасы 85-90 теңге. Бірақ әрі қарай ешқандай заңсыздық болмау үшін Президент әділетсіздіктерді, жабық, көлеңкелі тұстарын жою жөнінде тапсырма берді.
Автокөлік иелерімен кездесу барысында Нұрлан Ноғаев жиналғандарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне жол бермеуге шақырды. Облыс әкімі кез келген мәселені тек диалог арқылы шешуге болатынын атап өтті. Бірақ Жаңаөзенде де, Ақтау қаласында да тәптіп бұзушылық тіркелген жоқ.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
04.03.2026, 20:56
«Қазгидромет»: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 20:24
Референдум: Ашықтық пен заңдылық – басты назарда
04.03.2026, 20:22
Алимент шет елде жүрген борышкерлерден де өндіріледі
04.03.2026, 20:21
Геосаяси жағдай Қазақстан-Иран саудасына әсер етуі мүмкін
04.03.2026, 20:16
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады
04.03.2026, 20:15
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті
04.03.2026, 20:14
Телекөпір арқылы жаңа Конституция жобасы талқыланды
04.03.2026, 20:13