Үкіметте Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты бірқатар шаралар қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты бірқатар шаралар қабылданды

03.01.2022
Үкіметте Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты бірқатар шаралар қабылданды
Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай құю станцияларының иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының жанар-жағармай құю станцияларының иелері газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және газ бағасының алыпсатарлық бағытында көтерілуіне жол бермеу үшін жүйелі шаралары жүзеге асырылады.

Үкімет Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.

Хабарламаларға жазылу