Үкімет Ұлт жоспары бойынша нақты есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Ұлт жоспары бойынша нақты есеп берді

02.08.2017

Бүгін Үкіметте үшінші индустриалды реформа «Индустриаландыру және экономикалық өсім» және «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» аясында нақты орындалған шаралар баяндалды. Атқарушы биліктің экономикалық блокқа жауапты министрлігінің өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Ұлт жоспары аясында бірқатар кешенді шара атқарылған. Әлі де толық аяқталмаған маңызды міндеттер бар. Мысалы, алдағы уақытта жаңа салық кодексі мен кеден кодексі қабылданып, кәсіпкерлік климатты жақсартуға бағытталған өзге де шаралар қолға алынады.

 

 Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу