Үндістанда дәрігерлер шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда дәрігерлер шеруге шықты

29.12.2021

Үндістанда ақ халаттылар шеруге шықты. Демонстранттар жас мамандарды даярлайтын бағдарламаны жеделдетуді талап етті. Себебі коронавирус пандемиясына орай студенттердің емтихан тапсыру уақыты кейінге қалдырылып келеді. Соның салдарынан медициналық мекемелерде 45 мыңдай қызметкер жетіспейді. Оның үстіне эпидахуал тұрақсыз болғандықтан, ауруханаларға ауыр салмақ түсуі мүмкін. Ал, Нью-Дели әкімшілігі «Омикронның» тарауына орай сағат кешкі 11-ден таңғы 5-ке дейін коменданттық сағат енгізді. Себебі қалада соңғы бірнеше күнде ковидке шалдыққандардың саны күрт артқан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу