Келер жылы бензин 240, ал дизель 400 теңге болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы бензин 240, ал дизель 400 теңге болуы мүмкін

28.12.2021

Келер жылы бензин 240, ал дизель 400 теңге болуы мүмкін. Жанармай құю бекеттерінің желісі таратқан осындай болжамға қатысты бүгін Энергетика министрі мәлімдеме жасады.

Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша баға сәл өссе де, солярка литрі 400 теңгеге дейін көтерілмеуі керек. Өйткені тапшылық жоқ. Нарықтағы жағдай бір қалыпты дейді ол. Жетіспеушілікке жол бермеу үшін дизельдің қажетті қоры жиналмақ. Ал бензинмен өзімізді 100 пайыз қамтып отырмыз. Сол үшін аса қымбатшылық бола қоймайды дейді министр. Десе де бұған дейін сарапшылар баға Ресейдегімен 2025 жылға дейін теңесетінін айтқан болатын. Өйткені нарық ортақ болған соң, бұдан қашып құтыла алмаймыз деген еді. Ал жанармай бағасын қымбаттатпай ұстап тұру, көлеңкелі бизнеске жол ашады. Ал мұның арты тағы тапшылыққа, қымбатшылыққа әкелуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу