Жетісу облысында АИ-95 бензині талонмен беріліп жатыр
Жетісу облысында дизель отынынан бөлек, АИ-95 маркалы бензиннің де тапшылығы сезіле бастады. Кейбір жанармай бекеттерінде жоғары октанды отын талонмен беріле бастады.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Өткен аптамен салыстырғанда дизель отыны төңірегінде ахуал тұрақтанған сияқты. Себебі жанармай бекеттерінде сұйық отынның бұл түрі Үкімет бекіткен бағамен 100 литрге дейін еркін жіберіле бастады. Бүгінгі күнге облыста қоймаларда 1100 тоннадан астам дизель отынының қоры бар. Ал жанармай станцияларында 700 тонна сұйық отын сақталған. Сондай-ақ Талдықорған қаласындағы екі жанармай бекет желісінде, атап айтқанда «Рояль Петроул» және «Газпромнефтьте» АИ-95 маркалы бензин талонмен жөнелтіліп жатыр.
Жүргізуші куәлігімен келіп, дизель отынын 240-260 теңгемен канистрлерге құйып алып, транзиттік көліктерге 460 теңгемен сатып жатыр деген ақпарат шықты. Ресми органдар бұл мәліметті әлі нақтылаған жоқ. Менің ойымша, бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келген алып-сатарлардың қитұрқы әрекеті.
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10