Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай қайта шиеленісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай қайта шиеленісті

27.12.2021

Тәжік-қырғыз шекарасында шиеленіс тағы қайталанды. Осыған орай Қырғызстанның шекара қызметі күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тәжікстан азаматтары қырғыздардың көлігіне тас лақтырған.

Карта: Бұған жауап ретінде қырғыз шекарашысы аспанға оқ атса керек. Ал, сенбіде тәжік әскерилері шекара бекеттерінің бірінде миномет орнатқан. Осы оқиғадан кейін екі елдің шекара заставалараның басшылары кездесіп, жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша наряд қойды. Қазір жағдай тұрақталған. Тәжікстан тарабы болған оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.


Хабарламаларға жазылу