Басты Жаңалықтар «Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады

«Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады

«Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады

Жаңа жыл қарсаңында «Qazaqstan» телеарнасы «Әлемдік туындылар» апталығын ұсынады. 31 желтоқсан мен 7 қаңтар аралығында Ұлттық арна эфирінен әйгілі жаңажылдық комедия «Үйде жалғыз қалғанда» («Один дома») фильмінің 5 бөлімі мен әлемдік бестселлер, уақыт үстемдігіне бағынбайтын «Титаник» фильмі алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, «Disney»-дің әйгілі «Мұзды өлке», «Джунгли кітабы», «Күлше қыз», «Малефисента» туындылары мен «20th Century Studios» киностудиясының «Мұз дәуірі» мультфильмінің 2 бөлімі және «Warner Bros.» студиясының «Смолфут» анимациялық фильмі көрермен назарына ұсынылмақ.

«Qazaqstan» телеарнасы 2012 жылдан бері «Disney» компаниясының алтын және платина коллекциясынан 50-ге жуық туындыны аударып шықты. Бұл – ТМД елдері телеарналарының ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Сонымен қатар, «Marvel», «Disney», «DreamWorks», «PIXAR» және т.б. әлемдік киностудия туындылары «Qazaqstan» телеарнасынан демалыс күндері 14:00-де көрсетіліп келеді.


Бөлісу