Шымкентте студенттер вакцина салдырды
Індеттен сақтану үшін Шымкентте болашақ медицина мамандары «Pfizer» вакцинасын салдыра бастады. Медициналық колледжде білім алып жатқан 400-ге тарта студент өз еркімен екпе алуда. Олар вакцина салдырмас бұрын жазбаша сауалнама толтырып, дәрігердің арнайы тексеруінен өтті. Олардың қатарында Жадыра Әуезова да бар. Жасөспірім осыдан 20 шақты күн бұрын екпенің бірінші компонентін алған. Ешқандай жанама әсері байқалмапты.
Жадыра әуезова, студент:
Бұл - екінші компонент. Біріншісінің ешқандай теріс әсері болған жоқ. Бәрі жақсы. Ауруды жеңу үшін вакцина салдыру керек деп ойлаймын.
Жалпы, Шымкентте биылғы жылдың 15 қарашасынан бастап 13 мыңға тарта адам «Pfizer» екпесін салдырып үлгерді. Олардың дені 12-18 жастағы жасөспірімдер, қалғаны емізулі баласы бар аналар.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22