ҚМА: Қаржы пирамидаларының құрығына ілігетіндердің көбі әйелдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМА: Қаржы пирамидаларының құрығына ілігетіндердің көбі әйелдер

24.12.2021

Ал қаржы пирамидаларының құрығына ілігетіндердің көбі әйелдер! Бүгін Қаржы маниторингі агенттігі осындай дерек келтірді. Әрі әлеуметтік әлсіз топ өкілдері алаяқтарға көп ұрынады. Өйткені аз уақытта көп ақша тап деген жалған сөздерге еріп кетеді дейді. Агенттік мамандарының айтуынша биыл 16 қаржы пирамидасы жойылған. Ал оған қатысы бар 35 адам заң алдында жауап беріп жатыр. Олар 19 мың адамнан 16 миллиард теңге жинап алған. Сондай-ақ қаржы пирамидасын жарнамалаған 130-ға жуық сайт бұғатталған.


Хабарламаларға жазылу