Елордада белсенді жастар «Елбасы медалімен» марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада белсенді жастар «Елбасы медалімен» марапатталды

24.12.2021

Бүгін елордада белсенді жастар Елбасы медалінің иегері атанып, ерекше құрметке бөленді

Байқау талаптарын орындап, қарсыластарынан озып шыққан 189 елордалық жас сахна төріне көтерілді. Жарты жыл бойы белсенділер ғылым, шығармашылық, спорт сынды жеті бірдей салада өнер көрсетіп, шеберліктерін танытты. Жалпы биыл 20 мыңға жуық азамат байқауға қатысуға ниет білдірген. Олар бірнеше қала мен ауылдардан шыққан 14 пен 29 аралығындағы жеткіншектер мен жастар. Ерекше ескере кететін жәйт, Елбасы медалі Алтын белгімен пара-пар. Топ жарғандарға жоғары оқу орындарының грантына ие болу бақыты да бұйырды.

Ақнұр Тұяқбай, Елбасы медалінің иегері:

Елбасы медалі проекті өзіңді жаңа қырдан ашуға көмектеседі. Өзіңді дисциплинаға үйретеді. Яғни, біз әр апта сайын белгілі бір бағыт бойынша тапсырмаларды жүктеп отырамыз. Яғни, олардың жүктеу уақыты да бар бізде, мерзімі бар. Және соның арқасында біз дисциплинаға үйренеміз. Өзімізді жаңа қырдан ашамыз. Өзімізді басқа бағыттарда бақылап көреміз. 


Хабарламаларға жазылу