Азық-түліктің тағы алты түрі қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түліктің тағы алты түрі қымбаттауы мүмкін

23.12.2021

Еттен бөлек азық-түліктің тағы 5 түрі қымбаттауы мүмкін. Сауда және интеграция министрі бүгін осындай болжам жасады.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша қарақұмық, қант, жұмыртқа, май және сәбіз бағасы өсуі ықтимал. Бұған бірнеше себеп бар. Алғашқысы ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі. Табыс өссе тауарлардың да қымбаттауы экономика заңы дейді министр. Сондай-ақ жаңа жыл қарсаңында азық-түлікке сұраныстың артуы да бағаға кері әсер етпек.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Әдет бойынша жыл сайын жаңа жыл қарсаңында сұраныс көп. Әрине сол үшін салатқа қосылатын азық-түлік бағасы әрине көтеріледі. Бірақ ажиотаж басылған соң, қайта төмендейді.


Хабарламаларға жазылу