Азық-түлік мәселесі туындаған елде саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнамайды – Асылжан Мамытбеков - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азық-түлік мәселесі туындаған елде саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнамайды – Асылжан Мамытбеков

13.03.2015
Азық-түлік мәселесі туындаған елде саяси-әлеуметтік тұрақтылық орнамайды – Асылжан Мамытбеков

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орынды иемденеді. Осындай ұлан-ғайыр жерге дәнді-дақылдар егіліп, мол өнім алынуда.

Ендігі мақсат – сол өнімнің сапасын арттыру. Түрлі мемлекеттердің дипломаттары қатысқан шарада әлемді алаңдатқан азық-түлік тапшылығы талқыланды.

Бүкіләлемдік банктің есебінше, тұрақсыздық, инфляцияның шарықтауы, азық-түліктің қымбаттауы секілді қиындықтарға душар болған 100-ден астам мемлекет бар.

Ал, Қазақстан сыртқа азық-түлік өнімдерін экспорттайтын елдер қатарына еніп отыр.

Хабарламаларға жазылу