Жандарбек Бекшин: Алматыда «Омикрон» штамы тіркелген жоқ
Алматыда «омикрон» штамы анықталған жоқ. Бұл туралы журналистермен өткен брифинг барысында қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин хабарлады.
Қуан Нұрақын, тілші:
Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қазір мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың саны едәуір азайған. Шаһарда тәулігіне 30-35 жағдай тіркелуде. Десе де, әлемнің 106 мемлекетінде анықталған «Омикрон» штамының кесірінен келер жылы коронавирустың 5-толқыны болуы мүмкін екенін айтты. Алдын-алу мақсатында әуежайда бақылау күшейтілген. Желтоқсан айының басынан «Омикрон» тіркелген елдерден Алматыға 1600 жолаушы ұшып келген. Барлығынан ПТР сынама алынса, олардың алтауынан COVID-19 табылған. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин жаңа жыл мерекесінің жақындауына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Жандарбек Бекшин, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:
Жаңа жылға арналған корпоротивтерде тек қана «Ashyq» жобасында істеп жатқан обьектілер ғана корпоротивтерді жасауға болады. Бұл біріншіден. Екіншіден, өткізген кезде залдарында 50 пайыздан арттыру істеуге болмайды. Және де толықтыру 100 адамнан аспау қажет. Осындай талаптарымыз бар.
Алты адамнан коронавирустың «Дельта плюс» штамы анықталды
Қуан Нұрақын, тілші:
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, соңғы екі айда COVID-19-бен ауырған науқастарының белгілері өзгерген. Дәрігерлер жаңа штамм болуы мүмкін деген күдікпен 84 сынаманы жан-жақты тексеру үшін Нұр-Сұлтанға жіберген. Нәтижесінде 6 адамнан «Дельта плюс» анықталғанын айтты. Коронавирустың бұл түрі басқа елдерде маусым айында анықталғанымен, Алматыда тіркелмеген. Қаланың бас санитарлық дәрігері қазір осы нұсқа бойынша тексеру жүріп жатқанын, алдағы уақытта толық ақпарат беретінін айтты.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13