Еуропа елдері карантинді күшейтуде
Омикронның өршуіне байланысты Еуропа елдері қайтадан локдаун енгізіп жатыр. Португалияда алдағы сенбіден бастап барлар, түнгі клубтар жабылады. Тұрғындар Рождество, Жаңа жылда мейрамхана, театрға, мерекелік шараларға, тойға бару үшін ПТР тест тапсыруы тиіс. Ереже екпе алғандарға да қатысты. Испания азаматтарына көшеде маска тағу міндеттелді. Германияда 28 желтоқсаннан бастап спорттық шаралар көрерменсіз өтеді. Дәл осындай шектеу Бельгияда да енгізілді. Корольдікте осы жексенбіден бастап театр, кинотеатрлар мен концерттік залдар жабылады. Сауда орындарына 20 шаршы метрге екі адамнан артық кіргізілмейді.
Александр де Кроо, Бельгияның премьер-министрі:
Жаңа жыл қарсаңында мұндай қатаң шектеу енгізгенімізге көбі наразы білеміз. Бірақ, Омикрон штамы алдыңғыларға қарағанда өте жұқпалы. Оның таралуына тосқауыл қою үшін мереке кезінде сақтық шараларды ұмытпай, үшінші дозаны тезірек салдыртуға кеңес береміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06