Алматыда ауа райы күрт жылынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ауа райы күрт жылынды

23.12.2021

Алматыда ауа райы күрт жылынды. Қалада күндізгі температура +10, +14 градусқа дейін көтеріліп тұр. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, Жаңа жылды алматылықтар ақ ұлпасыз қарсы алуы мүмкін. Тек жаңбыр аралас қар жауады деп күтіліп отыр.

Соңғы аптада күн райының жылынып кеткені сонша, тұрғындар көктем мезгілімен салыстырып жатыр. Айтуларынша, Алматыда соңғы 10-15 жылда мұндай ауа райы болмаған. Синоптиктер тек келесі жылы қар жауатынын болжап отыр.


Қазгидромет Жаңа жыл

Хабарламаларға жазылу