Шетелдегі активтер жайлы мәлімет сұралды
Ұлттық компаниялардың шетелдегі активтерін елге қайтару керек. Бүгін мәжілісте осындай бастама көтерілді. Депутаттардың айтуынша ұлттық компаниялар шетел экономикасын инвестициялап, қаржысын сонда сақтауға әуес. Мәселен Бйтерек холдингінің еншілес компаниясы КазТех венчурс Сингапурда түрлі стартап жобаларды дамыту үшін 10 миллион доллар инвестициялаған. Керісінше Қазақстан экономикасын дамытуы тиіс ұлттық компаниялардың мұндай әрекетін депутаттар түсінбей отыр. Айтуларынша еліміз де инвестицияға мұқтаж. Сол үшін ұлттық компаниялардың шекара сыртындағы активтері жайлы мәліметтерді жария етіп, қаржыны қазақстанға қайтару керек дейді.
Айқын Қоңыров,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл қаражат ел ішінде әлдеқайда көп пайда әкеледі. Сыртқы қарыз деңгейінің төмендеуіне, жергілікті стартаптардың және басқа да қажетті жобалардың дамуына ықпал етеді. Осыны есере отырып, біздің ұлттық компанияларымыз соңғы 10 жылда шетелде қандай активтерге иелік еткені және басқа елдердің экономикасына қанша қаражат инвестицияланғаны туралы мәлімет беруді сұраймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27